«Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша тиісті мемлекеттік тізілімдеріне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ережелерді бекіту және «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 388 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтiнiмдi жасау, рәсiмдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша тиісті мемлекеттік тізілімдеріне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ережелерді бекіту туралы және «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 7517 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 жылғы 15 шілдеде жарияланған, № 7) келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген, Өнертабысқа өтінімді жасау, рәсімдеу және қарау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өнертабыстар тізіліміне мәліметтер енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережелерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінім мынадай құжаттарды қамтиды: